25 қыркүйек 2020 07:56

Нұр-Сұлтанда балаларды мас күйінде көлікпен қаққан әйел сотталды

Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған екі бала мен ересек адамды көлікпен қағып кеткен әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сарыарқа ауданы № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерғазинаға қатысты айыптау үкімі 16 қыркүйекте шыққан.

Реклама
Реклама

"Сот балалар зардап шегіп, салдары ауыр болғанын ескеріп, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырып, ең ауыр жаза кесті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотталған азамат 10 жыл бойы көлік айдау құқынан айырылды.

Іс сотқа "Алкоголь ішіп, мас күйінде жол жүру ережесін бұзып, абайсызда адам денсаулығына залал тигізу" бойынша ҚК 2-бөлігі 345-1 бабына сәйкес түскен.

Зардап шеккендер заң аясында жазалауды сұрады. Ал қорғаушы тарап сотталған әйелдің аяғы ауыр және баласы болғандықтан, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram