16 ақпан 2021 16:16

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер сиырды үй төбесіне көтерген: нысан басшысы кешірім сұрады

Видео кадры

Салынып жатқан учаске ғимаратының басшысы сиырға қатысты болған жайт үшін кешірім сұрады. Үш ер адамның кешірім сұраған видеосын Нұр-Сұлтанның полиция өкілдері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салынып жатқан учаске ғимаратының басшысы сиырға қатысты болған жайт үшін кешірім сұрады. Үш ер адамның кешірім сұраған видеосын Нұр-Сұлтанның полиция өкілдері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бүгінгі оқиға болған салынып жатқан нысанның басшысымын. Болған оқиғаға қатысты қоғамнан кешірім сұрайын деп едім. Жаман ой болған жоқ - Құрбандық жасап, етті жағдайы төмен отбасыларға бергіміз келген, бірақ... Тағы да ел азаматтарынан болған жайтқа байланысты кешірім сұраймын", - деді ер адам. 

Реклама
Реклама

Полицейлер оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үйде болғанын айтты. 

"Қызметкерлер оқиғаның барлық қатысушысын ұстады. Бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Заңға сәйкес шара қолданылады", - деді полиция өкілдері.  

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер сиырды үй төбесіне көтергені хабарланды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram