09 қаңтар 2021 | 17:05

Нұр-Сұлтанда бес баланы құтқарған сарбаз марапатталды

© polisia.kz

Нұр-Сұлтанда бес баланы өрттен құтқарған сарбаз марапатталды. Ұлттық ұлан күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үздік қырынан танылған әскери қызметшілерді құттықтап, медальдар мен құрмет грамоталарын табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда бес баланы өрттен құтқарған сарбаз марапатталды. Ұлттық ұлан күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үздік қырынан танылған әскери қызметшілерді құттықтап, медальдар мен құрмет грамоталарын табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Балаларды өрттен құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін ведомство басшысының бұйрығымен ефрейтор Темірлан Әмірғазин "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальмен марапатталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жақында Нұр-Сұлтанда сарбаз бес баланы өрттен құтқарып қалған болатын. Ол өрт шыққанын дүкенде тұрған кезде кездейсоқ білген.

"Ішке кіру үшін көшедегі баспалдақпен көтерілуге ​​тура келді. Бірнеше жігітпен бірге жоғарыға көтеріліп, оның үш баласын және көрші пәтерлерден тағы екі баланы шығардық. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жалын шықпауы үшін жатақхана дәлізіндегі барлық терезені жауып, пәтердегі барлық техниканы өшіріп тастадым", - деді ефрейтор Темірлан Әмірғазин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная