22 наурыз 2020 | 18:02

Нұр-Сұлтанда BMW көлігінің жүргізушісі мас күйінде блокпосттан өтпек болған

© Тұрар Қазанғапов

30 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі мас күйінде Қосшы аулы аймағындағы блокпосттан өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

30 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі мас күйінде Қосшы аулы аймағындағы блокпосттан өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

"Ер адам төтенше жағдай жарияланған аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәртібіне бағынбады. Полиция қызметкерлері оны ұстады", - дейді Полиция департаментінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Оқиға 22 наурыз сағат 03:35-те болған. Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ер адамды 15 тәулік мерзімге қамауға алуға және 7 жылға жүргізуші құқығынан айыруға қаулы шығарды. Сонымен қатар, оған 40 АЕК (100 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынды. 

Еске салайық, 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы толығымен карантинге жабылды. Қала сыртында барлығы 7 блокпост қойылған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная