29 ақпан 2020 18:07

Нұр-Сұлтанда боди-массаж: 26 қыз ұсталды

© asianstur.ru

Нұр-Сұлтан полициясы рейдтік шаралар барысында интим қызмет көрсеткен, сондай-ақ боди-массаж қызметін ұсынған 26 қызды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полициясы рейдтік шаралар барысында интим қызмет көрсеткен, сондай-ақ боди-массаж қызметін ұсынған 26 қызды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қаладағы коттедждердің бірінде массаж салонынан (боди-массаж қызметін көрсеткен) 26 қыз ұсталды. 20-29 жастағы қыздар басқа қалалардан келген. Ұсталған қыздар тіркеуде тұрған не тұрмағаны тексерілді", - делінген елордалық ПД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

"Сондай-ақ, коттеджді тексеру барысында, полицейлер есірткі заттарын тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram