27 наурыз 2019 | 10:44

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан зардап шеккен әйел аяғынан айырылды

© Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов пен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жол апатынан зардап шеккендерге барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов пен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жол апатынан зардап шеккендерге барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Әкім мен министр қалалық № 2 көпсалалы ауруханаға барды.

Реклама
Реклама

Клиниканың бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, қазіргі уақытта стационарда зардап шеккен 13 адам жатыр. Олардың сегізінің жағдайы - орташа ауыр. Барлығы травматология бөлімінде жатыр, екі адам кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі жансақтау бөлімінде.


© astana.gov.kz

"Кеше бес ота жасадық. Өте күрделі оталар жасалды: ішіне қан кетуді тоқтаттық, біреуінің аяғын кесіп тастадық. Өкінішке қарай, зардап шеккен әйелдің аяғын аман алып қалу мүмкін болмады", - деді Ли.

Дәрігер кейбір науқастардың әлі ұзақ уақыт ем алатынын айтты. Бірақ кейбіреулері 7-10 күннен кейін ауруханадан шығарылады екен.

Еске салайық, кеше, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы бодды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан.

"Күшті соққының даусы естілді". Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған апат жайлы айтып берді


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная