ПОДЕЛИТЬСЯ
22 тамыз 2021 | 16:20
Нұр-Сұлтанда бір күнде карантин талаптарын бұзған 30-ға жуық мекеме анықталды
Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын олар қаланың жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді, оның барысында санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ондаған мекеме бұзғанын анықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кейінгі тәулікте, яғни 21 тамызда қаланың 29 мекемесі шектеу шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Байқоңыр ауданында карантин режимін "Табыс", Porta fortuna мейрамханалары, "Тортуга", "Панаехали", "Мята", "Barrus" барлары бұзды.
Ал Сарыарқа ауданында орналасқан "Қарақат" кафесінде, "Чили гриль", Sky smoke кальянында және "Джентельмен клаб" массаж салонында карантин талаптары бұзылғаны тіркелді.
Карантиндік шектеулерді бұзушылар тізіміне Алматы ауданының 10 кәсіпкерлік нысаны енді. Олардың қатарында "Мико" кафесі, Shygys Juldyzy мейрамханасы, "В дрова" бары, "Рыба моей мечты" караоке-бары, Егінді көшесінде орналасқан коттедж, "Тема", "Арена" компьютерлік клубтары, "Мята" бары, Janym Soul, Sova караоке-клубтары бар.
"Панаехали", Tequila барларында, Veranda жазғы террасасында, Baoli лаундж-барында, Zoloto, Carreta, MILLIONAIRE, "Рабия" мейрамханаларында, "Алания" караоке-клубында белгіленген жұмыс режимі сақталмаған.
Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, елордада эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес, коронавирустың таралуының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қала қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы керек.
Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.
Еске салайық, елордада эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес, коронавирустың таралуының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қала қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также