ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 тамыз 2020 15:08
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше жабылады
23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 23-25 тамыз аралығында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.
Дәл осы мерзім ішінде қозғалыс толығымен жабылады дейді.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу