07 ақпан 2021 13:01

Нұр-Сұлтанда бірнеше тасжол ашылды

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов.

Нұр-Сұлтанда бірнеше тасжол ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда бірнеше тасжол ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

"2021 жылдың 7 ақпаны сағат 11.30-дан бастап Нұр-Сұлтан - Қарағанды, Нұр-Сұлтан - Қабанбай Батыр, Нұр-Сұлтан - Қорғалжын тасжолы көліктің барлық түріне ашылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін "City Transportation Systems" ЖШС ауа райы жағдайына байланысты (көктайғақ, қатты бұрқасын) қала маңындағы келесі маршруттар №305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 318 қозғалысы уақытша тоқтағанын хабарлады.

Қала маңындағы қалған маршруттар күнделікті режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, 7 ақпан күні сағат 00.45-тен бастап Нұр-Сұлтан қаласынан өтетін Республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram