19 маусым 2020 15:31

Нұр-Сұлтанда COVID-19-дан қайтыс болған 32 жастағы ер адам туралы не белгілі?

Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-19-дан қайтыс болған 32 жастағы ер адам туралы ақпарат бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-19-дан қайтыс болған 32 жастағы ер адам туралы ақпарат бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1988 жылғы ер адам бірнеше күн бойы ауырған. Шымкент қаласынан демалып келген. Ауруы салқын тигізіп алуымен байланысты, ол өзін нашар сезінгендіктен жедел медициналық жәрдем шақырған.

Реклама
Реклама

10 маусымда жедел медициналық жәрдем оны ентігу, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік шағымдарымен стационарға жеткізді. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты дереу реанимация бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады ведомство өкілі. 

Қарқынды терапия жүргізілген, бірақ науқастың тыныс алуы қиындап кеткен екен. Толық көлемде жүргізілген емдеу және реанимациялық шараларға қарамастан, ер адам 16 маусымда қайтыс болды.

Елімізде коронавирус жұқтырған барлығы 16 351 адам анықталды, сауығып шыққан пациенттердің саны - 10 139. COVID-19 105 адамның өліміне себеп болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram