ПОДЕЛИТЬСЯ
18 маусым 2020 | 14:41
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (21-22 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады. Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі", - дейді әкімдіктегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также