Нұр-Сұлтанда ДСМ ғимаратының алдында бір топ адам ереуіл ұйымдастырды

Фото: t.me/turantimeskz

Нұр-Сұлтанда Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының алдында таңертеңнен бері түрлі-түсті киім киген адамдар жиналып жатыр. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, адамдар вакцинацияға қарсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наразылық білдірушілер денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың шығуын талап етті.

Ал ведомство баспасөз қызметі өкілдері ереуілшілермен келіссөздер жүріп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Қазір министр сыртта жиналыста отыр. Басқа бірінші басшылар шығып, халықпен сөйлеседі. Біз оларға "Ашық аланға" барып, талаптарын талқылауды ұсындық", - деді ДСМ баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирус инфекциясына қарсы халықты жаппай вакцинациялау басталды.

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы егілген қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі енгізілген QR-кодтары болатынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама