20 мамыр 2020 15:43

Нұр-Сұлтанда дүкен сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр

Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен бірнеше күнде 358 нысан тексерілді, оның ішінде 85 нысанның талаптарды орындамағаны анықталды. Бұл талаптар азық-түлік және азық-түлік сатпайтын басқа да дүйендерде сақталмай отыр. Сатушылар маскасыз, қолғапсыз, қорғаныш құралдарынсыз, антисептиксіз жұмыс істеп жатыр, нан өнімдерін сақтау шаралары орындалмаған. Стоматологиялық нысандарда, сұлулық салондарында (...). Нұр-Сұлтанда күнде дерлік түрлі дүкен сатушыларының арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталып жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Қазір Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6969 жағдай тіркелді. 3649 науқас жазылды, 35 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram