Нұр-Сұлтанда ECO-chаllenge акциясы өтті

"Астана жастары" ресурстық орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп, республикалық экологиялық "ECO-chаllenge" акциясын өткізді, - деп xабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жасыл ел" жастар еңбек жасағының өкілдері, "Астана жастары" ЖРО еріктілері мен "А35" жобасының қатысушылары, сонымен қатар қаламыздың белсенді тұрғындарының күшімен Н. Тілендиев көшесінен бастап, Сарыбұлақ өзенінің жағасы мен Теміржол вокзалына дейінгі аралық толықтай қоқыстан тазартылды.

Реклама
Реклама

Жалпылай есептегенде, 540 келі қоқыс жиналып, жойылды. Ұзындығы 2,5 шақырым, жалпақтығы шамамен 4 метрлік өзен жағасы тазартылды.

"Акцияның барлық қатысушыларына үлкен алғыс білдіреміз! Қаламыздың барлық тұрғындарын экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!", - делінген ұйымдастырушылардың xабарламасында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама