27 мамыр 2022 16:31

Нұр-Сұлтанда екі адамға баннер құлады: соталды тергеу басталды

Фото: t.me/qumash_kz

Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлауына байланысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлауына байланысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 26 мамырда "Алматы" аудандық ПБ-ға "Бейбітшілік және келісім" сарайына кіреберіс алдында қатты желден баннер оң жаққа қарай жылжып, құлағаны туралы хабарлама түскен. Баннер құлаған кезде 12 жастағы қыз бен 34 жастағы әйел жарақат алған. 

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабына (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету) сәйкес соталды тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді департамент өкілдері. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда қатты жел салдарынан баннер құлап, екі адам зардап шеккені хабарланған. Денесі көгеріп, жарақаттар алған олар көпсалалы қалалық ауруханаларға жеткізілген болатын. Кейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген суреттер тараған. Онда "Қазақстан тәуелсіздігіне - 30 жыл" металл баннері құлағаны көрсетілген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram