20 ақпан 2020 | 17:06

Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр көшесінде жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр көшесінде жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция мәліметінше, 20 ақпан сағат 10:18-де №303 автобусының жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен Рысқұлов көшесіне бағыт алған. 

Реклама
Реклама

"Жүргізуші ауа райын ескермей аялдамада тұрған №10 автобусқа соғылған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде аялдамада тұрған екі адам дене жарақаттарын алды", - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. 

"№303 автобусының жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиға бойынша жауап алынып жатыр", - дейді құқық қорғау өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram