22 шілде 2020 | 09:34

Нұр-Сұлтанда екі тұрғын 30 жыл құлдықта болған

Фото: © astanatv.kz

Елордада қоғам белсенділері 30 жыл құлдықта болған екі тұрғынға көмектесуге ниетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордада қоғам белсенділері 30 жыл құлдықта болған екі тұрғынға көмектесуге ниетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Франс Семерда Украинадан Қазақстанға көшіп келген. Учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарған, кейін краншы болған. Семерданың айтуынша, 1990 жылдары милиция формасындағы бандиттер оның құжатын тартып алған. Тұрғын олардың қоластында жұмыс істеуден бас тартыпты. Ал бандиттер оны құлдыққа салған. Ер адам 3 жыл құжатын қалпына келтірмек болған. Алайда одан нәтиже шықпапты.

Реклама
Реклама

"Олар мені Ерейментаудағы тауға апарды. Мен онда 2 жыл тұрдым, кейін қашып кеттім. Қояндыда 10 жыл, басқа жерде 7 жыл жұмыс істедім. Олар мені алдап, ақша төлеген жоқ. Полициядан көмек сұрадым. Олар маған "біз сізге көмектесе алмаймыз" деді. Кейін көше кезіп кеттім. Соған қарамастан мен қазақстандықпын, ұлтым - қазақ", - дейді Семерда.

Владимир Саврухиннің құжатсыз жүргеніне 29 жыл болыпты. Ол 1991 жылы Ресейден Қазақстанға қоныс аударған. Алайда паспортын жоғалтып алыпты. Тұрғылықты мекенжайы болмаса, төлқұжатты ретке келтіру мүмкін емес. Ер адам соңғы 10 жылда малшы болған.

"Олар тек сұрау салады, ешқандай жерден жауап жоқ. Мен содан бері өтініш берген жоқпын. Қазір құжаттар тапсырдым, жұмыс алға жылжып келеді. Егер қандай да бір жұмыс тапқан күннің өзінде сізді алдап кетуі мүмкін: ақша жоқ, ештеңе төленбейді", - дейді Саврухин.

Қазіргі таңда "Қорғау Астана" қоры құжатсыз қалған екі тұрғынның мәселесімен айналысып жатыр. Қордың жетекшісі Анна Рыл құлдықта болғандар одан ешқашан өз күшімен шыға алмайтынын айтады.

"Біз олардың құжаттарын №13 формасына тапсырдық. Сіз алдымен азаматтығын растау үшін өтініш бересіз немесе "азаматтығы жоқ" деген құжатты аласыз. Кейін тұрғылықты мекен жайын бойынша құжат алуыңыз керек. Алайда оны жасау мүмкін болмай тұр. Біз оны өз қорымыздың базасында жасап жатырмыз. Олардың айыппұл, баж салығын төлеуге ақшасы жоқ. Біз көмектесіп жатырмыз. Өкінішке қарай, жеке қаржыландыру жобалары жоқ", - дейді Анна Рыл.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Саврухин мен Семерданың жеке куәліктерін қалпына келтіру жұмыстары бақылауда екенін атап өтті.

"Қазіргі таңда Хмельницкий ауданының және Ресей Федерациясының басты әділет басқармасына бұл азаматтардың туу туралы куәліктерін алу туралы өтініштер жіберілді" - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Эльмира Шауленова.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная