ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2021 | 16:24
Нұр-Сұлтанда ең көп қойылған есімдер анықталды
Елордада жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған 30 есім анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елордада жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған 30 есім анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.
Аудандық әкімдіктердің АХАТ бөлімдерінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейін елордада 32 146 балаға туу туралы куәлік алынған. 2020 жылы бұл кезеңде қалада 29 083 сәби дүниеге келген.
Биыл Нұр-Сұлтандағы ең танымал есім Айлин болды. Бұл есімді 437 нәрсеге қойған. Екінші орында - Медина, бұл есім 414 сәбиге берілген.
Елордада қыздарға қойылған ТОП-15 есім:
- Айша
- Әмина
- Томирис
- Аяла
- Айзере
- Раяна
- Сафия
- Асылым
- Айару
- Мәриям
- Айым
- Айша
- Зере
2021 жылы 360 балаға Әлихан есімі қойылған. Елордада ұлдарға қойылған ТОП-15 есім:
- Әмір
- Алан
- Әли
- Алдияр
- Арлан
- Омар
- Альтаир
- Айсұлтан
- Санжар
- Ибрахим
- Ислам
- Рамазан
- Ерасыл
- Арсен
"Биыл қалада некесін ресми түрде тіркеген жаңа отбасылар саны да артты. Бұл кезеңде 11 289 жұп отбасын құрды. 2020 жылы 9 571 неке тіркелді. Сарапшылардың айтуынша, қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінде жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жас, ал 4-5 жыл бұрын 22-23 жас болған. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге ересектер де - 50-60 және тіпті 70 жастағылар да некелесіп жатады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также