11 мамыр 2022 | 12:29

Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттан құлаған қызды қағып алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды қағып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды қағып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 мекенжайында сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне баланың ілініп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы мен 2 техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жөнелтілді.

Реклама
Реклама

"Келген сәтте сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне ілінген баланы төменгі қабатта тұратын ер адам құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз құлаған кезде ата-анасы үйде болған, бірақ баланың жанында ешкім болмаған. Жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев жылап жатқан баланы көріп, құтқару бойынша іс-қимыл жасап, санаулы секундтарда баланың өмірін сақтап қалды", - деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

Ер адам көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін марапатқа ұсынылады.

"Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылды, бірақ соңы қайғымен аяқталған көптеген жағдайлар бар. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық тастамаңыздар, өйткені баланың әрекет етуі үшін бір секунд жеткілікті", - деді құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram