ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2019 | 12:40
Нұр-Сұлтанда ер адам аулада тұрған бірнеше көліктің әйнегін сындырған
Нұр-Сұлтанда ер адам үйінің жанында тұрған көліктердің әйнектерін сындырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда ер адам үйінің жанында тұрған көліктердің әйнектерін сындырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Есіл" аудандық полиция қызметкерлері мас күйінде болып, бұзақылық ниетпен үйдің жанында тұрған бірнеше автокөліктің айнасын сындырған 32- жасар күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі таңда зақымдалған автокөліктің екі иесі арыз жазған.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар, ұсталған адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также