17 қараша 2021 16:16

Нұр-Сұлтанда ер адам жол қозғалысын реттеді

Дина Шарипханова Корреспондент

Желіде Нұр-Сұлтанда жол қиылысына шығып, көлік кептелісін реттеген ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Нұр-Сұлтанда жол қиылысына шығып, көлік кептелісін реттеген ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Мұңайтпасов пен Сәтбаев көшелері қиылысында болған. Видео авторының айтуынша, ер адам 20 минуттай қиылыста тұрып, бағдаршам жұмыс істемеуінен пайда болған кептелісті реттеу үшін жүргізушілерге көмектескен.

"40 минут болды, жол полиция қызметкерлері әлі жоқ. Ол кептелісті өзі реттеді", - деп бөлісті видео авторы.

Реклама
Реклама

Видео "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-арнасында жарияланған.

Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған.

"Сағат 16:25 шамасында Мұңайтпасов-Сәтбаев қиылысында апатты жағдайда электр жарығы өшіп қалғандықтан, бағдаршам жұмыс істемей қалды. Оқиға орнына полиция отряды жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті біліктілігі жоқ адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға қауіпті екенін ескертеді. Мұндай жағдайларда дереу полицияға немесе "102" мобильді қосымшасына хабарласыңыз", - деді департамент өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram