22 шілде 2021 | 12:34

Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлар 72 пайызға толған

Фото: ©Reuters

Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлар 72 пайызға толған. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың баяндамасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлар 72 пайызға толған. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың баяндамасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 шілдедегі ақпарат бойынша, инфекциялық стационарларда 2 556 науқас ем алып жатыр. Оның ішінде коронавирус расталған - 2 270 адам, пневмониямен - 286 адам. Осылайша, жүктеме 72 пайызды құрайды. Бүгінде стационарлар сыйымдылығы - 3 562 төсек. Коронавируспен күресу үшін 16 стационар жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Қалада сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты қалалық ауруханаларды қайта бейіндеуге және әзірге жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатуға тура келеді. Осылайша басқа медициналық клиникаларда әртүрлі профиль бойынша ауруханаға жатқызуда жүктеме болады.

Реклама
Реклама

"Біз төсек-орындарды ұлғайтуға, қолда бар барлық ресурсты пайдалануға мәжбүрміз. Күніне коронавирустан шамамен 10-15 өлім жағдайы тіркеледі. Өткен тәулікте 333 адам ауруханаға жатқызылды. Денсаулық сақтау жүйесінде, әрине, белгілі бір ресурстық қиындықтар бар, бірақ COVID-19-бен күресу жұмыстары тоқтамайды. Ашылған инфекциялық төсектердің тек 1006-сы ғана бос, оның ішінде 62-сі реанимациялық төсектер. Реанимация бөлімшесінде барлығы 230 пациент жатыр, коронавируспен – 203 адам. Оның ішінде аса ауыр дәрежеде - 70 адам, жасанды тыныс алуда 47 пациент жатыр", - делінген Мұратовтың баяндамасында.

Тұрғындар өз бетінше емделуге тырысатындықтан жұқпалы аурулар стационарларына ауыр жағдайдағы науқастар түсе бастаған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген науқастарды реанимацияға ауыстыруға тура келеді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда локдаун қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

есіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная