Нұр-Сұлтанда жаңа жол ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа жол ашылды Видеодан алынған кадр

Елордада Ұлы Дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі Тәуелсіздік көшесінің (№38) бөлігі салынып, пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Тәуелсіздік көшесіндегі осы учаскеде жол өткелінің ашылуы көлік қозғалысын жақсартуға және қолданыстағы көше-жол желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ жалпы Нұр-Сұлтан қаласының жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Нысанды толығымен аяқтау, оның ішінде көшенің барлық учаскесінде жол жүруді қамтамасыз ету осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Тұрғындар әлеуметтік желілерде жаңа жолдың видеосын жариялады.

"Ал, құттықтай беріңіздер", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама