ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2020 | 11:21
Нұр-Сұлтанда және 10 облыста ауа райы бұзылады
Бүгін, 13 тамызда Нұр-Сұлтан мен 10 облыста ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін, 13 тамызда Нұр-Сұлтан мен 10 облыста ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, түнде тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел секундына 15-20 метр болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Атырауда 13 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Таразда 13 тамызда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр. Оралда 13 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз желдің екпіні кей жерде секундына 15-20 метр болады.
Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр. Көкшетауда 13 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 метр секундына. Петропавлда түнде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге дейін жетежі. Облыстың оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также