14 мамыр 2020 | 17:39

Нұр-Сұлтанда және алты облыста ауа райы бұзылады

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда және алты облыста алдағы күндері ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда және алты облыста алдағы күндері ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, 15 мамырда Нұр-Сұлтанда жауын жауып, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

Қазгидромет мәліметінше, 15 мамырда күндіз және 16 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында 15 мамырда түнгі уақытта жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды. 

Қарағанды облысында 15 мамырда кейбір жерлерде найзағай ойнайды. Мұнда да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанады.

Павлодар облысында 15 мамырда оңтүстік-шығыс желі күтіледі, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23 метрге жетеді 

Түркістан облысында да қатты жауын болатыны айтылады. Найзағай ойнап, тұман түседі деген болжам бар.

Алматы облысында да найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауатыны айтылады. желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная