07 желтоқсан 2020 | 17:02

Нұр-Сұлтанда және тағы алты өңірде ауа райы бұзылады

© Тұрар Қазанғапов

Ертең Нұр-Сұлтанда және алты облыста ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең Нұр-Сұлтанда және алты облыста ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда тұман түседі. Сондай-ақ, Ақмола облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Реклама
Реклама

Түркістан облысының кей жерінде 8-10 желтоқсанда тұман түседі. Шымкент пен Түркістанда 8-9 желтоқсанда тұман түседі.

Қарағанды облысында тұман салдарынан дауылды ескерту жарияланды.

8 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Павлодарда күндіз боран соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда бұрқасын болады деп болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram