ПОДЕЛИТЬСЯ
03 маусым 2020 | 17:07
Нұр-Сұлтанда және тағы бірнеше облыста дауыл тұрып, күн ысиды
Нұр-Сұлтанда және тағы бірнеше облыста дауыл тұрып, ауа температурасы жоғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда және тағы бірнеше облыста дауыл тұрып, ауа температурасы жоғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.
Ақмола облысының шығысында найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Түнде және таңғы уақытта тұман түсіп, күндізгі уақытта желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жоғарылайды.
Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ, күндізгі уақытта ауа температурасы 38 градусқа дейін жоғарылайтыны айтылады.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, боран соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерде найзағай ойнайтыны айтылады.
Петропавлда тұман түседі деп болжанып отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также