11 қазан 2020 | 18:24

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғаушылар митингіге шықты

© Instagram

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғаушылар митингіге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғаушылар митингіге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұзақ уақыт бойы өлтіру, ұрып-соғу, азаптау және біздің еліміздегі жануарларға деген қатыгез қарым-қатынастың барлық қорқынышты жағдайын көріп, бұл сұмдықты тоқтату үшін не істеуім керегін түсінбейтінмін. 2020 жыл ойлануды тоқтатып, әрекетке көшу керегін көрсетті.

Сондықтан мен инстаграмда жануарлар құқығын қолдау үшін бейбіт митинг ұйымдастырғым келетінін жаздым.

5 адам жауап берді. Содан кейін біз көбейе бастадық", - деп жазды Диана Instagram-да.

Реклама
Реклама

Ол жануарларды қорғаушылар бейбіт митинг өткізуге алғашқы өтінішті бір ай бұрын бергенін атап өтті. Бірақ оларға бірнеше рет рұқсат бермеген.

"Бірақ кеше кешкі сағат 6-да (үмітім үзілгенде) маған әкімдіктен қоңырау шалып, 10 қазанда бейбіт митинг өткізу мақұлданғанын айтты. Сондықтан бүгін біз шықтық.

Біз өкінішке қарай дауыс беру құқы жоқ жандар үшін сөйлеуге шықтық. Біз үкіметті жануарлардың құқықтарын қорғау үшін жаңа заң шығаруға шақыру үшін шықтық. Біз елімізде жануарларға қатысты болып жатқан сұмдықтар жалықтырған соң шықтық. Біз Қазақстандағы жануарлардың жағдайы жақсы бола алатынына сенгендіктен шықтық, олар қамқорлыққа, махаббат пен мейірімге лайық", - деп атап өтті қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yoga Teacher | RYT 200 (@diana_yoga) 10 Окт 2020 в 6:29 PDT

Еске салайық, 3 маусымда Қазақстанда бейбіт жиындарды өткізу тәртібі мен оны ұйымдастыру туралы жаңа заң күшіне енген болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құжаттың қазақстандықтардың конституциялық құқықтарына сәйкес келетінін атап өтті. "Мен бейбіт митингілер өткізу туралы заңға қол қойдым. Оның басты ерекшелігі - рұқсат алудың қажеті жоқ, хабарласа жеткілікті. Бұл заң қоғамдық-саяси қатынастардың демократиялық бағытта одан әрі дамуына үлес қосады деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная