ПОДЕЛИТЬСЯ
09 мамыр 2021 | 14:37
Нұр-Сұлтанда жасөспірім жол қозғалысын реттеді
Нұр-Сұлтанда бағдаршамы істемей қалған жол қиылысында жасөспірім көлік қозғалысын реттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда бағдаршамы істемей қалған жол қиылысында жасөспірім көлік қозғалысын реттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің қиылыстағы көлік қозғалысын реттеп тұрған видеосы жарияланды. Оқырман жасөспірімді автокөлік жүргізушілеріне көмектескені үшін мақтап, пікірлер қалдырған. Кейін оның кәмелетке толмаған бала екені белгілі болды.
Полиция баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 8 мамырда сағат 20:30-да Бауыржан Момышұлы-Қаныш Сәтбаев көшелері қиылысында болған. Онда бағдаршам өшіп қалып, нәтижесінде көліктер жиналып қалған. Сағат 20:36-да жасөспірім қиылысқа шығып, қозғалысты реттей бастайды. 4 минуттан кейін ол жерге патруль келген.
Бұл дерек бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.
"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мұндай әрекеттер дағдысы жоқ адамның өмірі мен денсаулығы үшін, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпті екенін ескертеді. Мұндай жағдайларда дереу полицияға немесе "102" нөміріне қоңырау шалыңыз", - деді полиция өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также