24 наурыз 2021 | 12:46

Нұр-Сұлтанда жауған қар тәулік ішінде айлық нормадан асып түсті

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда кейінгі тәулікте айлық нормадан көп қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда кейінгі тәулікте айлық нормадан көп қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кейінгі тәуліктің өзінде астанада 26 миллиметрден астам жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 8 миллиметрге артық.

Реклама
Реклама

Кейінгі тәулікте коммуналдық қызметтер Нұр-Сұлтаннан 83 мың текше метр қар шығарды. 24 наурызға қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және басқа да қоғамдық кеңістікті санитарлық тазалауға 1200-ге жуық арнайы техника мен 200-ге жуық жол жұмысшы тартылды. Өткен түнде КамАЗ арқылы полигондарға 3700-ге жуық рейс жасалды. Бір тәулікте 5700-ден аса рейс шығарылды.

Бүгін, 24 наурызда қар күреу жұмыстарына 1500-ден астам арнайы техника мен 1800-ге жуық жол жұмысшы шықты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстары үздіксіз екі ауысымдық режимде, яғни кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүріп жатыр.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер - алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және басқалары қардан тазартылады.

Жиналған қар елорданың 11 полигонына шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram