ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2021 | 18:00
Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілерге арналған көше ашылды
"Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында Ә.Мәмбетов көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған Demalys Promenade көшесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында Ә.Мәмбетов көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған Demalys Promenade көшесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Ә.Мәмбетов көшесінің Кенесары көшесі мен Абай даңғылының арасындағы бөлігі демалыс және мереке күндері жаяу жүргіншілер көшесіне айналады. Енді бұл көшеде автокөліктер қозғалысына тыйым салынады.
Мұнда жазда демалыс күндері сағат 10.00-22.00 аралығында шығармашылық қойылымдар, түрлі ойын-сауық бағдарламалары, би жарыстары, спорттық шеберлік дәрістері, темикалық фестивальдер және басқалары өткізіледі.
Жаяу жүру аумағы кіреберіс аркадан басталады, оған жақын жерде орналасқан сахнада концерттер мен қойылымдар ұйымдастырылады. Көше бойында қала тұрғындары мен қонақтары үшін шатырлары бар сауда-көрме, суретшілер алаңдары, шахмат ойнауға, ұлттық ойындарға ("асық ату" және "тоғыз құмалақ") арналған орындар қарастырылған.
Сондай-ақ, ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер мен арт-нысандардан фото аймақтар орнатылған.
Көшенің ашылу салтанатында эфирдің алғашқы қонағы қала әкімі Алтай Көлгінов болды.
"Бүгін жаяу жүргіншілер көшесі ашылды, жаз бойы демалыс күндері бұл жерде көлік қозғалысына тыйым салынады. Demalys Promenade - бұл қала театрларының, шығармашылық ұжымдардың ашық ауада өнер көрсетуінің негізгі бөлігі өтетін тартымдылықтың тағы бір нүктесі. Demalys Promenade, сондай-ақ, жас әртістерге, жастар субмәдениеттері мен креативті индустрия өкілдеріне іске асыруға мүмкіндік береді.
Demalys Promenade "Театральный" жаяу гүлзары (Омаров көшесі) мен қаланың жағалауын біріктіреді, мұнда да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағалауда өзіндік бақылау алаңы, сонымен қатар, әткеншектер мен қызықты архитектуралық формалар пайда болады. Биыл барлығы 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) саламыз және абаттандырамыз.
Өткен жылы 76 гектардан астам аумақ абаттандырылды. Алғаш рет спорт алаңдары, яғни коньки, футбол және баскетбол алаңдары және т.б. бар көпір астындағы орын абаттандырылды. Сондай-ақ, көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізудеміз, бұл экологияға жағымды әсер етеді", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов жаяу жүргіншілер көшесінің ашылуында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также