ПОДЕЛИТЬСЯ
16 желтоқсан 2021 | 13:13
Нұр-Сұлтанда жеті мектептің құрылысы бітті
Нұр-Сұлтанда жеті мектептің құрылысы бітті. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда жеті мектептің құрылысы бітті. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлгіновтің сөзінше, бұл мектептер 20 мыңнан астам оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.
"Мысалы, BINOM SCHOOL жаңа форматтағы инновациялық мектебіне бардым. Жаңа бес қабатты мектеп 4 мың оқушыға есептелген (2 ауысымда). Бұл мектепте оқу тегін. Мектепте робототехника кабинеттері, кинозал, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, телестудия, смарт-сыныптар, металл және ағаш кесу шеберханалары, TedxBinom, Speaking Club, үлкен кітапхана, ойын бөлмелері және т.б. бар. Binom мектебінің басты артықшылықтарының бірі - ерекше қажеттілігі бар балалар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа мектептердің есігі 3 тоқсаннан бастап ашылады", - деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында.
Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл барлығы 15 мектеп салынған.
"Бұл шамамен, 40 мың оқушы орны. Жаңа мектептер салынғандықтан, 5 мектеп енді үш ауысымда оқытпайды, сондай-ақ, 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілмек. Елордада жыл сайын адамдар саны артып келеді. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есеге артты. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 есе асады. Мысалы, мамыр айында 7 мың түлек мектеп бітіріп шықса, бірінші сыныпқа 25 мың оқушы келеді. Осы мәселелерді шешу үшін қалада жыл сайын кем дегенде 10 мектеп салып отыру қажет", - дейді әкім.
Ал келесі жылы 16 мектеп салу жоспарланған.
"Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Мектеп құрылысына жеке инвестицияны да тартамыз. Мектептер қаланың барлық ауданында, соның ішінде елді мекендерде салынып жатыр. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға назар аударамыз", - деп жазды әкім.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также