09 сәуір 2019 11:43

Нұр-Сұлтанда жолдарды сусабынмен жуа бастады

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда жолдарды сусабынмен жуа бастады. Бұл туралы елорда әкімі Бахыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жолдарды сусабынмен жуа бастады. Бұл туралы елорда әкімі Бахыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бахыт Сұлтанов Facebook желісіндегі парақшасында қаладағы жолдарды бірінші рет арнайы жуғыш құралдармен тазартылатынын мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

"Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал - жолдың үстіне арналған сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды", - деп жазды қала әкімі. 

Сұлтановтың айтуынша, Бұл сусабынды коммуналдық қызметтердің пайдалануы жол сапасын және біздің жүргізушілеріміздің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. 

"Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, өйткені жол сусабын қоршаған ортаға зиянсыз. Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыстар бар, көшелер қажет болса күн сайын тазартылатын болады", - деп қорытындылады Бахыт Сұлтанов. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram