ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2021 | 12:58
Нұр-Сұлтанда ЖРВИ жұқтырғандар саны артты
Нұр-Сұлтанда ЖРВИ жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда ЖРВИ жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Эпидемиялық маусымның басынан бері ЖРВИ-дің 44 392 жағдайы тіркелді, оның ішінде А типті тұмаудың 32 жағдайы (оның ішінде H3N2 тұмауының 28 айналымы анықталды, 4 типсіз), аурушаңдық деңгейі 100 мың халыққа 3 748. Бұл осы кезеңдегі көрсеткіштен 6,4 есеге жоғары (1.10.2020 жылдан бастап 12.12.2020 жылға дейін), 14 жасқа дейінгі балалар жұқпалы ауруға бейімді, бұл жалпы сырқаттанушылықтың 60,8 пайызын құрайды. Вирус бір жасқа дейінгі балалардың - 6 пайызын, жүкті әйелдердің 3,3 пайызын құрайды", - деді Бейсенова.
Елордалық дәрігердің айтуынша, адам көп жиналатын орындарда вирустық инфекцияның таралуы жиілеп кеткен. Бұл балабақшаларда, мектептерде, университетте оқу жылының басталуымен байланысты.
"Жалпы, ЖРВИ жұқтырғандардың 27,8 пайызын мектеп оқушылары және 16,2 пайызын балабақшаға баратын балалар, 7 пайызын студенттер құрайды", - деп толықтырды Сархат Бейсенова.
Оның айтуынша, биылғы эпидемиялық маусымда қаланың 170 мыңнан астам тұрғыны вакцина салдырды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 160 мың адам вакцинацияланды.
Тұмауға қарсы вакцинаны қайдан алуға болады
Сархат Бейсенова қазіргі уақытта төрт медициналық ұйымда ("Open clinik" МК, "Interteach Astana Medical Assistance" МК, "Медикал көмек Групп" МК, "Архимед Қазақстан-Астана" МК) екпе кабинеттері жұмысын жалғастырып жатқанын, солардан алуға болатынын айтты. "Гриппол плюс" (Ресей) және "Инфлювак" (Нидерланды) инактивтендірілген вакциналары ақылы егіледі.
Қазақстандықтарға келесі шараларды сақтау ұсынылады:
- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын шектеу;
- адамдар көп жиналатын жерлерде маска кию;
- аурудың белгілері бар адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болу;
- қолды сабынмен жуу, құрамында спирті бар, дезинфекциялық майлықтармен сүрту;
- әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- мұрын қуысын тұзды ерітіндімен ылғалдандыру немесе көшеден келгеннен кейін тұзды ерітіндімен шаю, қымыздық майын және витаминдерді тұрақты қолдану;
Инфекция жұқтырған жағдайда асқынудың алдын алып, инфекцияның таралуын тоқтату үшін барлық сақтық шараларын қолданып, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Еске салайық, Қазақстанда ЖРВИ-дің маусымдық көрсеткіші тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также