Нұр-Сұлтанда жүргізушілерді бақылайтын жаңа жүйе пайда болады

© Тұрар Қазанғапов

22 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда көліктердің дұрыс емес жерде тоқтауы және тоқтаған жерін автоматты түрде белгілейтін жаңа жүйе енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

22 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда көліктердің дұрыс емес жерде тоқтауы және тоқтаған жерін автоматты түрде белгілейтін жаңа жүйе енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру ережелерін бұзу, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын сақтамау енді "Дозор-М" сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешендерімен автоматты режимде тіркелетіні айтылады. Олар мамандандырылған көлік құралдарымен жабдықталған дейді полициядағылар.

"Арнайы автокөліктердің қала көшелерімен жүріп-тұруы кезінде аталған кешен құқық бұзушылық жасаған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, нақты орны мен уақытын анықтайды. Кейіннен бұзушылықтар туралы мәліметтер базаға келіп түседі, онда әкімшілік айыппұлдар жазылады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жол белгілері мен жолдың жүру бөлігіндегі белгілерді елемей, талаптарды бұзғаны үшін 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылады.

Ал тоқтап тұру ережелерін бұзу Кодекстің 597-бабы бойынша 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жауапкершілікті көздейді дейді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама