01 маусым 2021 | 17:39

Нұр-Сұлтанда жүргізушілердің төбелесі видеоға түсірілді

Нұр-Сұлтанда белгісіз екі ер адам төбелесіп қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда белгісіз екі ер адам төбелесіп қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 31 мамырында сағат 10.30-да Шоқан Уәлиханов көшесінде болды. Chevrolet және Daewoo Nexia автокөліктерінің жүргізушілері төбелесіп қалды. Олар бір-біріне жол бермей, жанжал шығарды.

Реклама
Реклама

Екеуі де ұсталып, полицияға жеткізілді, оларға "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге қоғамдық тәртіпті бұзбауға, жол ережесін қатаң сақтауға және басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram