01 мамыр 2022 | 14:00

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылы уақытша жабылады

Қорғалжын тасжолы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғалжын тасжолы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қабанбай батыр даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

1-2 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Реклама
Реклама

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген басқарма хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram