ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2021 | 17:53
Нұр-Сұлтанда Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші орнатылды
Нұр-Сұлтанда Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды. Ашылу рәсіміне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды. Ашылу рәсіміне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Ескерткіш Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша орнатылған.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қаныш Сәтбаев қазақ зияткерлік элитасының озық идеяларының жарқын ізбасары екенін мәлімдеді.
"Қаныш Имантайұлы Сатбаев "өз Отанын мақтан ете алмайтын адам басқа елді даңқтауы екіталай" екеніне сенімді болды. Халқымыз Қаныш Сәтбаевты адалдығы, патриотизмі үшін құрметтейді. Қазақстандық индустриаландырудың басында құрылған Қазақ тау-кен металлургия институтын бүгінде Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті деп атағаны үлкен құрмет. Көрнекті ғалымға арналған жаңа ескерткішті аша отырып, халқымыз тағы да өзінің ұлына құрмет көрсетеді", - деді Қырымбек Көшербаев.
Жобаны Павлодар облысының әкімдігі мен Баянауыл жұртшылығы – ғалымның жерлестері жүзеге асырды. Мүсінші - Асқар Нартов.
Іс-шараға вице-премьер Ералы Тоғжанов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Мейрам Бегентаев және басқа да қоғам өкілдері қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также