Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері қаласында шектеу және карантин шараларны жеңілдету туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері қаласында шектеу және карантин шараларны жеңілдету туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қаулы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтың нормалары күшіне енді, ал "қызыл" аймақтың карантин шектеулері 2 қарашадан бастап алып тасталды.

Қаулы бойынша мынадай талаптар қатаң сақталады

Реклама
Реклама

1.1. бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, Ashyq жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына,  бильярдқа, караокеге, циркке, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);

 1.3. Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері:
2.1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігері белгілеген тізбеге сәйкес кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің COVID -19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, міндетті ПТР-тестілеу болған кезде (7 күнде 1 рет) жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді қамтамасыз етсін.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне:

3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын іске асыруды жалғастыруды:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  • спа-орталықтары;
  • моншалар, сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • әуежайлар;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  • балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  • цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  • (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
  • балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
  • букмекерлік конторалар;
  • сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап ерікті түрде тіркей отырып);
  • спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
  • білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
  • діни бірлестіктер объектілері;
  • ойын клубтары (казино);
  • түнгі клубтар.

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етуі керек.

"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын жеңілдету туралы" 2021 жылғы 2 қазандағы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын", - делінген қаулыда.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама