01 қыркүйек 2020 | 10:05

Нұр-Сұлтанда карантин қалай жеңілдетілді?

Фото: Тұрар Қазанғапов

Бас санитар дәрігердің Нұр-Сұлтанда карантинді жеңілдетілу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас санитар дәрігердің Нұр-Сұлтанда карантинді жеңілдетілу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаулыда:

Реклама
Реклама

- ойын-сауық, спорттық, отбасылық (үйлену тойлар, туған күндер, жерлеу және т. б.), естелік іс-шараларды, сондай-ақ жиналыстарды, жиындарды және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топтарда спорттық жаттығуларды тек ашық ауада өткізу;

- 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтарды қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыруға және өңірдің көрікті жерлеріне шолу жасауға, сондай-ақ жағажайларда шомылуға тыйым салу;

- 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруын шектеу;

- аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беру;

- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;

- жұмыс күнінің (ауысымның) ұзақтығын барынша қысқарту мүмкіндігімен меншік нысаны мен қызметкерлердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 80% үшін қашықтықтан жұмыс нысанын сақтау;

- сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке, скверлерге, саябақтарға, аллеяларға, жағалауларға және адамдар көп жиналуы мүмкін болатын орындарға дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу;

- жұмыс күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (пик сағаттарында автобустардың санын көбейту, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушылар үшін қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі) жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін және демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 21.00-ге дейін;

- ХҚКО жұмысын алдын ала қатаң түрде Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы брондау ретімен күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларын сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге. Құжаттау бөлімі: жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 14:00-ге. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін беру;

- сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін белгілеумен, демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады;

- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- моншалардың, сауналардың (массажсыз және пилингсіз) жұмысын бассейндерді қатыстыра отырып бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығы 30%-дан аспайтын қатысумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша), демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып жұмыс режимін уақытша шектеумен ұйымдастыру;

- фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмысын бассейндерді (массажсыз және пилингсіз) қатыстыра отырып, 1 келушіге кемінде 5 ш.м дейінгі  және 50%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ету кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, қатаң алдын ала жазылу бойынша, бассейндерде бір жолда бір келушіден ғана болу және жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарыа тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің  жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және  көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс  күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23:00-ге дейін,  жеке иелік аумақтары мен  тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. 

- ашық ауада жалпы пайдаланылатын орындарда орналасқан аттракциондар мен балалар ойын алаңдарының жұмысын тыйым салынған және санкцияланбағандарды қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

- жұмыс күндері діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) 1 келушіге кемінде 5 ш.м дейінгі  және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

- жабық бассейндердің жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен  жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

- күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, Ұлттық құрама командалары, клубтық командалар үшін (спорт базаларының аумағында тұруды 30 адамнан аспайтындай қамтамасыз ете отырып) спорттық жаттығулар өткізуді ұйымдастыру;

- көңіл көтеретін орындардың жұмыс істеуіне тыйым салу (бильярд, караоке, боулинг-орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, соның ішінде лотереялар ұтысы және т. б.);

- орналасқан жеріне қарамастан, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкеттік және салтанатты залдардың жұмыс істеуіне тыйым салу;

- СПА-орталықтардың, массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысына тыйым салу;

қаладағы саябақтарда, жағалауларда, скверлерде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т. б.) жалға беруге тыйым салу.

Қаулының толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная