26 наурыз 2020 | 14:04

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде 56 адам қалаға кірмек болған

©Тұрар Қазанғапов

Елордада 19-25 наурыз аралығында карантин аумағын кесіп өту бойынша 56 жағдай тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының басшысы Ержан Сәденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада 19-25 наурыз аралығында карантин аумағын кесіп өту бойынша 56 жағдай тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының басшысы Ержан Сәденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

"Осы уақыт аралығында елордаға кіріп-шығудың ерекше режимін бұзғаны үшін 56 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 31 адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 9 адамға10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ал қалған 16 тұлғаға қатысты материалдар соттың қарауына жолданды", – деді Ержан Сәденов.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, карантин аумағын заңсыз кесіп өтпек болған 56 оқиғаның 10-ы карантин талабын автокөлікпен бұзуға қатысты тіркелген.  

Еске салайық, 19 наурызда елордалық Полиция департаменті қызмет өткерудің ерекше режиміне көшірілді. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бойымен Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер және Қоянды елді-мекендерін қамти отырып, көлік құралдарының барлық түрінің кіріп-шығуы мен азаматтардың бүкіл бағыттар бойынша жүріп-тұруын шектеу үшін денсаулық сақтау органдарымен, Ұлттық Ұлан және Қорғаныс министрлігінің әскерлерімен бірге 7 қадағалау бекеті орнатылды. Қадағалау бекеттерінің арасында жедел топтар жұмыс істейді. Олар жол талғамайтын көліктермен және әуеден бақылау дрондарымен қамтамасыз етілген. 

Коронавирустың таралу қаупі жоғары кезең аталды

Соңғы ресми деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 97 адамға жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram