23 мамыр 2020 | 16:28

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді - әкімдік

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді, тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді, тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жиын өткізді.

Реклама
Реклама

"Карантин режимі жеңілдегеннен кейін қазір көшелерде адам көп. Күн сайын жүргізіліп жатқан рейд қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажетін көрсетіп отыр: санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 26 нысан жабылды, олар құрылыс компаниялары, дәмханалар мен мейрамханалар, қонақүйлер және басқа.

150-ден астам кәсіпорын ескерту алып, кейбіріне айыппұл салынды. Рейд кезінде саябақтар мен гүлзарларда адамдар топтанып, маскасыз жүретіні анықталды. Осының бәрі инфекцияның тез таралуына әкелуі мүмкін. Дәрігерлерге вирусты дер кезінде анықтап, індет ошағын жою қиын болады. Осыған орай полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, халыққа түсіндірмені күшейтіп, қызметі рұқсат етілген компаниялар жұмысына күндетікті мониторинг жүргізуі тиіс. Санитарлық нормаларды бұзған нысандар жабылады. Вирус жұқтыру қаупі әлі бар, сондықтан босаңсуға болмайды", - деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі әркім өзінің және жақындарының денсаулығы үшін әлеуметтік жауапкершілік таныту керегін айтты. Өкінішке қарай, ауырғандардың 40 пайызы 18 бен 30 жас арасындағы жастар, 36 пайызы 30-дан 50-ге дейігі адамдар. Коронавирусқа әдеттегі тұмау деп қарамау керек. Бұл ауру санаулы күннің ішінде мықты әрі бұрын созылмалы аурулары болмаған адамның денсаулығын құрта алады. Тек өзін-өзі оқшаулау мен санитарлық талаптарды ұдайы сақтау ғана - бұрынғы қалыпты өмірімізге тез жеткізетін және ең дұрыс жол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная