ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2020 | 11:18
Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның карантин шараларын жеңілдету туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның карантин шараларын жеңілдету туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатта карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жалғасатыны атап өтілген.
Алайда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық мерекелерді, жиналыстарды, жиындарды өткізуге тыйым сақталады.
Спорттық жаттығуларға бұрынғыдай тек далада жеке және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын топтарда рұқсат етіледі. Сонымен қатар, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтарды қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоратив сапарларға және қаланың көрікті жерлеріне шығуға тыйым салынады.
Қоғамдық орындарда және көлікте маска тағу талабы міндетті болып қала береді.
Қашықтан жұмыс істеу барлық ұйым мен кәсіпорын үшін қызметкерлерінің 50 пайызы деңгейінде сақталады.
Қалада қоғамдық көліктер жұмыс және демалыс күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.
ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбіде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді. Құжаттандыру бөлімі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбіде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдайды, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін береді.
"Қазпошта" бөлімшелері мен алғашқы медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау нысандары штаттық режимде жұмыс істей бастайды. Жеке медициналық орталықтар, стоматологтар жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсете алады.
Сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда орталықтарына жұмыс күндері бір келушіге 4 шаршы метр есебінен 30 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың отыруын болдырмай, сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Демалыс және мереке күндері жабық болады. Бұл ретте, олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады.
Тыйым салынған және рұқсат етілмегендерін қоспағанда, аттракциондар ашық ауада жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Көше сауда объектілеріне жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Фитнес орталықтар, фитнес клубтар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін алдын ала қатаң жазылу бойынша жұмыс істейді.
Жабық бассейндер жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жұмыс күндері және демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін (қатаң түрде алдын-ала жазылу бойынша) бассейндер, СПА салондары бар моншалардың, сауналардың жұмысына рұқсат етіледі. Сұлулық салондары, шаштараздар, көлік жуу, автокөлік пен тұрмыстық техниканы жөндеу, ТҚС 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также