06 мамыр 2021 | 20:21

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ол 2021 жылғы 7 мамырда сағат 00.00-де күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ол 2021 жылғы 7 мамырда сағат 00.00-де күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпшілік жиналатын іс-шаралар туралы тыйым:

"Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде өткізілетін іс-шараларды қоспағанда (30 адамнан артық емес), ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

Реклама
Реклама

Ashyq жобасы бойынша Нұр-Сұлтанда океанариум, караоке, банкет залдары, көрмелер, марафондар іске қосылады, сондай-ақ көрермен қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұлттық компания әкімшілік қызметкерлерінің жұмысы туралы ереже өзгерген:

"Өндірістік қажеттілікке байланысты меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар әкімшілік персоналы кемінде 80 пайыз қашықтан жұмыс нысанына көшу. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакциналау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей жүзеге асырылады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 жұқтырып жазылған барлық қызметкердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі".

Жаңа ережелер туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram