08 шілде 2021 | 20:57

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

© Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантинді қатаңдату туралы қаулыға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

  • Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, еске алуды өткізу) үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және даладағы (жазғы залдарда) жұмыс және демалыс күндері сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленсін. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды (Ashyq жобасына қатысушы ныснадарда белгіленген еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;
  • компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс хайуанаттар парктерінің, океанариумдардың, батуттардың, кинорумдардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялардың, балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және жабық үй-жайлардағы аттракциондардың, оның ішінде спортнысандарында орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтардың  (кинотеатрлардан, кинорумдардан басқа Ashyq жобасына қатысатын субъектілерді (нысандарды) қоспағанда) жұмысына тыйым салынады;
  • кинотеатрлардың, кинорумдардың жұмысына тыйым салынады;
  • жабық жағажайлар мен аквапарктардың, оның ішінде бассейндердің жұмысына тыйым салынады;
  • Нұр-Сұлтан қаласы жағалауларындағы нысандарында серуендеу кеме құралдарының (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т. б.) жұмысына тыйым салынады;
  • қалалық жағажайлардың, соның ішінде рұқсат берілмеген жерлердегі жағажайлардың және даладағы аквапарктардың жұмысына тыйым салынады.
Реклама
Реклама

Қаулы 2021 жылғы 11 шілдеде сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная