ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2021 | 09:02
Нұр-Сұлтанда карантинді қатаңдату туралы жаңа қаулы шықты
Дүйсенбі, 15 наурызда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүйсенбі, 15 наурызда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарынан мына талаптарды сақтау талап етілген:
1. бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сондай-ақ мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;
2. қызметі жаңартылмаған нысандарға: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда), кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;
3. Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану қажет;
4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) маска тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Қаулы 2021 жылғы 18 наурызда 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтіні Нұр-Сұлтан әкімдігі сайтында жарияланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также