23 наурыз 2022 16:09

Нұр-Сұлтанда қарлы боран салдарынан 35 жол апаты болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан 35 жол апаты болды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан 35 жол апаты болды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордада қарлы боран. Таңертеңнен бері қалада 35 жол апаты тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті", - деп хабарлады елорданың жол полициясы.

Полицейлер азаматтардан ауа-райының нашарлауына байланысты баратын бағытын алдын ала жоспарлап, кенет басқа жолаққа ауыспауды және тежегішті кенет баспауды, қала сыртына сапардан бас тартуға, сондай-ақ патрульдік полицияның талаптарын орындауды сұрады.

Реклама
Реклама

"Қала сыртына ұзақ сапарлардан бас тартуды қатаң түрде ұсынамыз. Мүмкіндігінше баламалы көлік түрін пайдаланыңыз. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағыттағы қозғалыс жабылды", - деп хабарлайды ШҚ баспасөз қызметі.

"Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджетке үңілмей, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек. Қолайсыз ауа райында сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайтуға көмектеседі", - деді Нұр-Сұлтан қаласының патрульдік полиция полкінің кезекші бастығы Айбек Нартпаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram