ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 наурыз 2022 19:27
Нұр-Сұлтанда қарлы боран салдарынан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады
Нұр-Сұлтанда қарлы боран салдарынан салдарынан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTS көлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты № 300, 305, 308, 309, 312, 315, 316 бағыттардың қозғалысы тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жарияланған болатын. Қазгидрометтің мәліметінше, 30 наурызда бұрқасын, көктайғақ және қатты жел болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу