09 сәуір 2020 16:02

Нұр-Сұлтанда қарттар үйінде 34 адам коронавирус жұқтырып, 2 адам қайтыс болған

Фото: REUTERS

Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайын ауылындағы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 34 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайын ауылындағы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 34 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 сәуір сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Ақмола облысында 56 адам коронавирус жұқтырған.

Реклама
Реклама

Соңғы 13 жағдай 9 сәуірде тіркелген. Барлық 13 адам Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының келушілері. Осыған дейін олардың барлығынан сараптама алынды. Науқастармен байланысқан 216 адам анықталды.

"Осы коронавирус ошағындағы 34 адамнан COVID-19 анықталды. Барлығы да 2 сәуірде Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған 1974 жылғы ер адаммен байланыста болған", - деді Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 764-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram