ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2021 | 17:08
Нұр-Сұлтанда қашан қар жауады?
28 қыркүйекте Нұр-Сұлтанға алғашқы қар жаууы мүмкін. "Қазгидромет" РМК осындай болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйекте Нұр-Сұлтанға алғашқы қар жаууы мүмкін. "Қазгидромет" РМК осындай болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"28 қыркүйекте ауа райы бұлтты болады, түнде жауын-шашын мен қар, күндіз жаңбыр мен жел болады. Шығыс, солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 1-3 градусқа төмендейді, күндіз 8-10 градусқа дейін көтеріледі", - деді "Қазгидромет" РМК синоптиктері.
Алдағы күндері қар жауады. 29 қыркүйекте елордада ауа райы көшпелі бұлтты болады, кейде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен солтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде нөлге дейін төмендейді, күндіз 4-6 градустан аспайды.
30 қыркүйекте көшпелі бұлт болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 7-12 метрге дейін төмендейді. Ауа температурасы түнде нөлге жуық, ал күндіз 5-7 градусқа дейін көтеріледі.
Еске салайық, бұған дейін алғашқы қар Көкшетау мен Қостанайда жауғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также